Команда

Руслан Григорьев

  • Маркетолог (2002 жылдан бері 5 қаланың – Астана, Алматы, Ақтөбе, Бішкек және Мәскеу – нарығын зерттеу жұмыстарын жүргізді, 100-ден аса маркетингтік зерттеулер жүргізді, 50-ден аса жарнама кампанияларын ұйымдастырды);
  • Start-up ұйымдастырушысы (2002 жылдан бері 5 кәсіпорынды іске қосып, бизнестің 10-нан аса салаларын нарыққа шығарды);
  • Бизнесті дамыту бойынша консультант;
  • HR-менеджмент саласындағы білікті маман (түрлі деңгейлердегі лауазымдардарға орналасуға келген 7000-нан астам адаммен сұхбат жүргізіп, 2000-нан аса адамды жобаларға бейімдеді, қызметкерлерді басқарудың өзіндік дербес жүйесін жасақтап шығарды);
  • ірі сауда компаниясының басшысы.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 2013 жылдан осы уақытта дейін атқарушы директор, Астана қ., start-up, Happy Home сауда үйі. Компанияның қызмет ету саласы: премиум классты интерьер бұйымдарын сату.
  • 2008-2013 жж. Атқарушы директор, Астана қ. start-up, “Дом интерьера” (“Интерьер үйі”) сауда орталығы. Компанияның қызмет ету саласы: өңдеу материалдарын сату.
  • 2005-2008 жж. Бизнесті дамыту бойынша директор, Алматы қ. start-up, “Галерея центр” ЖШС. Компанияның қызмет ету саласы: өңдеу материалдарын сату.
  • 2002-2005 жж. Бизнесті дамыту бойынша директор, Бішкек қ. start-up, “Формат Плюс” ЖШС. Компанияның қызмет ету саласы: кеңсе қағаздары мен тауарларын сату.

Білімі:

  • 2001-2005 жж. Басқару және бизнес институты. Мамандығы: БАҚ-дағы маркетинг.
  • 2008-2009 жж. Мәскеу бизнес мектебі. Біліктілікті жетілдіру.
  • 2009-2013 жж. үздіксіз түрде Ресей және алыс шетелдің жетекші бизнес-тренерлері мен коучтерінен дәріс алып, біліктілігін жетілдіру.