Жеке бизнес: жақтаушы және қарсы келуші пікірлер

Авторы: Руслан Григорьев
Күні: 06.03.2014

Өз бизнесіңді ашу мәселесі туралы жақтаушы және қарсы келуші көзқарастар жайында аздап ойланып көрейікші. Қызметкердің де, басшының да көзқарастарын қарастыралық.

Бизнесте жүрген адам таңдау жасауда қаншалықты еркін? Ойланып көрдіңіз бе? Қаншама адам кәсіпкер болсам деп армандайды? Неге бәрі соған ұмтылады? Бұл сұрақтар түсіндіруді емес, ойлау қабілетін арттыруды талап етеді. Неге кейбір адамдар дайын жүйеде жұмыс жасағанды, бос орынға жұмысқа орналасқанды қалайды, ал кейбіреулер әлгі жүйені өздері тұрғызғысы келеді? Бизнесте бұрыннан келе жатқан адамның басында қандай ойлар жүреді?

Әңгіме мынада – қызметкер өз басшысын еркін, ол ойлағанын істей алады деп санайды. Жұмысқа қашан келетінін, кімге қанша еңбекақы беретінін, кімді жұмысқа алатындығын – осының бәрін өзі шешеді ғой деп, қызметкер басшыны еркіндік пен тәуелсіздік иесі деп ойлайды. Көбіне мұндай ұйғарымдар қызметкердің пайдасына шешіледі, алайда адамның болмысы сондай, ол әрқашанда тағы бір ойлануды, өз теорияларын растайтын дәлелдерді іздеуге бейім.

Весы казахстан, за и против бизнеса, бизнес тренинги астана
Жеке бизнестің болуын жақтаушы және оған қарсы келуші пікірлерді таразылайық.

Ал басшы қалай ойлайды? Оның еркіндігі неде? Жұмыс кестесін белгілеу әрбір жұмысшының жұмыс уақытына байланысты шешіледі, оған қоса еңбек кодексін де аттап өтуге болмайды. Еңбекақы, сыйақы, үстемелер беру керек – әр қызметкерді тиісінше бағалап, марапаттау, оның жасаған жұмысын атап өту бизнесте өте маңызды ғой. Сөйтіп келгенде, жаңағы айтқан еркіндігіміз тек еселенген жауапкершілік болып шыға келеді.

Алайда! Аталмыш жауапкершілікті мойныңызға ала отырып, Сіз шешім қабылдау және таңдау мүмкіндіктеріне ие боласыз. Еркіндік деген осы емес пе? Бастысы – мақсат қою, ал осы мақсатқа апаратын жолды таңдау – бұл шынайы еркіндік. Бизнесті ішкі ұмтылыс бойынша, тіпті темперамент бойынша таңдап алады емес пе. Осындай еркіндіктен рахат алу мүмкіндігі адамды одан сайын бақытты етеді.

Мақала ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Бұлар да бизнеске пайдалы:

Сөз шеберіне арналған Камасутра (Р. Гандапас.)

Шешендік өнер туралы аудио форматтағы кітап.

Тыңдау Білу Оқу Көру Білу Білу

Эффективные продажи

Петр Осипов о том, как совершать продажи эффективным способом.

Тыңдау Білу Оқу Көру Білу Білу

Тиімді басшы

Табысты жоба табысты жетекшіден басталады.

Білу