Қазақстандағы бизнес пен бизнесменге деген қарым-қатынас

Авторы: Руслан Григорьев
Күні: 06.03.2014

Қазақстанның өзін сәтті стартап мысалы ретінде қарастыруға болады. Дамуының барлық кезеңдеріне тоқталып жатпай-ақ, Қазақстан қазір exit page немесе “шығу” кезеңінде тұр деп айтуға толықтай негіз бар. Өйткені біз өзіміз туралы спортта, құрылыста, ғылым мен мәдениетте сенімді түрде жария етіп жүрміз, әлемдік аренаға шығып жүрміз және ол жерге көрсетер мақтаныштарымыз көп.

Елордамыз әрі мемлекетіміздің лайықты көркіне айналған Астана қаласы тек табыстылықтың дәлелі ғана емес, сонымен қатар ірі инвесторлар мен жаңадан ашылған компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктердің бастамасы болып табылады. Президентіміз жыл сайынғы халыққа жолдауларында Қазақстандағы бизнесті дамыту жөнінде бірнеше мәрте айтты, олай болса мемлекет тарапынан қолдау баршылық.

Ал бизнеске ел азаматтарының өздерінің қарым-қатынасы, көзқарасы қандай?

Ең алдымен, қазіргі таңда «бизнес» және «бизнесмен» сөздері 90-жылдардағыдай алқызыл пиджак пен былғаныш істерге қатысты адам мағынасында қабылданбайды, оған да шүкір.

Бүгінгі күнде танымал брендтер мен тапсырыспен тігілген костюмдар бар. Еуропалық өмір сүру стилі, әрине, тұрғылықты колориттің қатысымен, – сәтті дамуға мүмкіндік береді.

Forbes.kz ұдайы түрде жаңалықтар тізбегін жаңартып тұрады және Қазақстандағы ең ауқатты және ықпалды бизнесмендердің рейтингтерімен таныстырып отырады. Ірі бизнес үнемі ел аузында болады және бәрінің құрметіне ие, алайда басты назар бизнес-жүйенің кіші және орта буынына аударылады. Ол жақта жағдайдың қандай екенін білу үшін орта статистикалық қазақстандық бизнесменнің өмірінен үзінді келтірейік.

отношение к бизнесу в казахстане, бизнес в казахстане, поддержка бизнеса в казахстане, бизнес консультации в астане
 «Жыл кәсіпкері 2014» EY (Entrepreneur Of The Year® Award) атты халықаралық сайыстың қазақстандық кезеңінің жеңімпазы болып «Allur Group» автокөлік компаниялары тобының президенті Андрей Лаврентьев танылды.

Таң. Үйдің кенжесін балабақшаға апару керек, ерке қызды жолдасым апарып тастар. 10.00-де кеңседе болу керек, 12.00-де жаңа қонысты жалға алу жөнінде серіктестермен кездесуім керек, а түстік ас кезінде туристтік агенттікке соғып кетсем, жақсы болар еді… Қысқы демалыстар жақындап келеді, отбасымызбен теңізге барып демалып қайту керек, ол – біздің дәстүр ғой. Түбіртектер салынған бумам қайда кетті өзі? Туһ, тағы да көлігімде қалдырып кеттім! Қарттық деген осы болғаны ма? Небәрі 40 жастамын, бәрі де жақсы, тек кеше кешкісін шаршап келген болатынмын.

Бұл көріністі одан әрі де бейнелей беруге болады, алайда осының өзінде негізгі мазмұны түсінікті болды:

Қазақстандық бизнесменнің отбасы бар және ол жанұясына көп уақыт бөледі. Өмір жақсарды, бірнеше көлігі бар, өз үйі бар, күні мен саяхаттары белгіленіп, жоспарланған. Жасы 40 немесе одан да жоғары, өйткені оған дейін ол мемлекеттік қызметте жұмыс жасап, өз ісін ашуға қаржы жинады, соңынан банктердің көмегімен өз бизнесін ашты. Мүмкін дамудың өзге де жолы болған шығар: бастапқы капиталға қаражат жинаудың орнына қиыншылықтар мен сәтсіздіктер кезеңі орын алып, әлемдік тоқырау орнап және т.б. ауыр жағдайларды басынан кешірген ол өз бизнесін бастап кетті.

Көбіне бизнесмен өзі табыс тауып отырған еңбек саласында арнайы білім алмаған боп шығады. Ол кешкі KASE сессияларының нәтижелері туралы білуге ұмтылмайды, бірақ не үшін бизнеспен айналысып жүргендігі, мақсаттары мен тілектерінің қандай екендігі турады айқын түсінігінің болуы бизнесменді бәсекеге қабілетті етіп қана қоймай, оны өз деңгейінде ұстап тұрады. 

Отбасы мен оның жағдайының жақсы болуы – кәсіпкерлікті негізгі табыс көзі жасауға, ал кейде тіпті қосалқы табыс көзі ретінде айналысуға итермелейтін керемет қозғаушы күш болып табылады. Қазақстанда көпшілік адам осылай жасайды.

Ал қалғандары ше, бизнес-ланчтарда немесе кофеханаларда кездесіп, маркетингтегі соңғы бағыттарды, спорт пен саясатты қызу әңгіме қылатын жастар кімдер? Олардың уақыты – дәл қазір, олар тәуекелге бел бууға және өздерін сынап көруге қорықпайды, әрі қарай қозғалып, білімдері мен қаражаттарын жарқын болашақ үшін аямайды. 

Жас бизнесмен – коммерциядағы заманауи нормалардың ықпалымен пайда болған ерекше бейне. Мұндай бизнесмендердің қаржы саласында жоғарғы білімі бар, беделді жоғарғы оқу орнын бітірген, қастарында тәлімгерлері мен серіктестері тағы бар, біріншілері жеке бизнесті жүргізудегі өздерінің даналыққа толы кеңестерін беріп жатса, екіншілері жетіспейтін машықтарын шыңдап, бірге өсіп-дамиды. Отбасының бар немесе жоқ екендігі аса маңызды емес, бастысы – ол өз мақсаттарына қарай қозғалады, табысқа жетуді көздейді және оған кенеледі де. 

Мақаланың басында айтқанымыздай – еуропалану мен өзіндік менталитетіміздің ең жақсы ерекшеліктері қосыла отырып, қазіргі қазақстандық бизнесменнің қуатты әрі бірегей бейнесін (образын) сомдайды. Міне осындай бизнесмен ертеңгі күні әлемдік нарықта өз елінің намысын тиісті деңгейде қорғайтын болмақ.

Қазіргі таңда жиі кездесе бастаған тренингтер туралы жарнамалар, сәйкес әдебиеттер мынаны аңғартады: заманауи бизнес адамдары одан да биік асуларды бағындыра алатындығын түсініп келеді, тәжірибелер мен кеңестер алғанды қалайды. Олар өздерін жетілдіргісі келеді, қызметкерлерінің тиімділігін арттырғысы келеді және жаңа нәрселерді үйренуге әзір. Бизнесті дамытудың жаңа тенденциялары – нарық пен бәсекелестерді зерттеу арқылы, психология мен көшбасшылықты меңгеру арқылы бизнестің тиімділігін арттыру – байқалып келеді, ал бұл дегеніміз Қазақстанды бизнес саласында зор табыс күтіп тұр дегенді білдіреді.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда әдеттегі бизнесмендер бар және бизнестің болашағы – жас әрі ынталы кәсіпкерлер бар. Біз бұл мәселені қарастырдық. Ал енді мына сұраққа жауап іздейікші: айналамызда толған сәтті жобалар қайдан пайда болады және кімнің мекемелері тіпті дұрыс жұмыс жасап үлгерместен, жабылып жатады? Және бұдан қорқудың қажеті бар ма?

Әрине, нық сеніммен айтуға болмайды, бірақ бизнесте адамдардың тағы да бір типі кездеседі – өздерінің жеке талпыныстары мен қателіктеріне сүйеніп жұмыс жасайтын кәсіпкерлер. Олар өз образында бәрін де біріктіреді: білімі арнайы болмауы мүмкін, алайда мақсаттары мен тілектері айқын. Бұл образ біздің заманауи бизнесмендерге сай келеді. Олардың өмір жолы сонау студенттік кездерден бастау алды, ол кезде мамандық бойынша жұмыс жасау дұрыс деп саналатын, ал мамандық тума-туыстардың жолын қуу мақсатымен немесе достармен қызық болу үшін таңдалатынтұғын. Алайда осы кезде бұл студенттер өздерінің тәуелсіз бола алатындығын және ол үшін жай ғана алғашқы қадам жасау керектігін түсініп, өз істерін бастап кеткен болатын. 

Тәуекел ме? Әлбетте! Қазіргі күннің бизнесмені кезінде не тәжірибесі, не қаражаты, не білімі, не қолдауы жоқ жағдайда да өз ісін ашуға бел буды, оны ашты, қиындықтармен кезікті. Кейбір сәтсіздіктер қанатымызды қайыстырса, ал енді біреулері бізді одан да бетер мықты ете түсті. Бұл бір шынайы уақыт кезінде өткізілетін іріктеу жарыстарына ұқсап кететін. Дәл осындай тәжірибе өзіндік ережелер, ішкі заңдар мен наным-сенімдер жүйесін қалыптастыратынын айта кеткен жөн.

Оң жағынан барудан нәтиже болмады ма, ештеңе етпейді – сол жағынан барамыз (бұл жерде көлденең, заңсыз тәсілдер меңзеліп тұрған жоқ), клиенттер ғимарттың жасыл түсін елемей қойды ма, – жарайды, айқын алқызыл түске бояй саламыз! Ал санаулы жылдар өткен соң кітап дүкендерінен «Түсті ауыстыр да, сатулар санын арттыр!» атты бизнес тақырыбындағы кітапты кездестіретін боламыз. Бәрі де тәжірибе және талпыныс арқасында келетінін айта кету қажет. Қазіргі күннің бизнесмені көбіне не нәрседен жақсы нәтиже күтуге болатынын, ал қандай нәрседен жақсы нәтиже күтпеуге болатынын біліп тұратындай, сәйкесінше шешім қабылдап, әрекет етеді. Мұндайды сезгіштік немесе ішкі түйсік деп атайды және ол қасиет Кийосаки мен Кавасакиді оқымаса да, дамып жетіледі. Айтпақшы, тамаша авторлар! Алайда қазақстандық бизнесмендер өз істерін дамытуды бастап кеткен кезде американдық жазушылар өз кітаптарын басылымға енді ғана дайындап жатқан еді.

Мақала ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Бұлар да бизнеске пайдалы:

Движение в правильном направлении

Интервью Руслана Григорьева для журнала «БизнесLife».

Тыңдау Білу Оқу Көру Білу Білу

Бизнес в социальных сетях

Интернет и социальные сети становятся неотделимыми понятиями.

Тыңдау Білу Оқу Көру Білу Білу

Кадрлар бөлімін жаңадан құру

Мықты команда кез келген компания табысының негізі болып табылады.

Білу