Бизнесті жаңадан бастау

Авторы: Руслан Григорьев
Күні: 12.02.2014

«Стартап» түсінігінің көптеген тұжырымдамалары бар, олардың барлығы бизнесті бастаудағы негізгі қағидалар мен ережелерге сүйене отырып жасалғандықтан, тұжырымдардың әрқайсысы дұрыс болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл жаңадан, нөлден басталған бизнес («бизнес с нуля») түсінігі. Мұндай тұжырым әркімге де түсінікті болар. Ал «нөлден» деген түсінікке байланысты ең бірінші қандай ойлар келеді? Әрине, ноль дегеніміз, біріншіден, цифр болып табылады және ол ешнәрсенің болмауы жағдайындағы бастапқы санақ нүктесін білдіретін сан. Бұл нөл төмендегілердің біріне қатысты айтылуы мүмкін:

- бюджеттің жоқтығы. Жас бизнесті бастаудың кең таралған нұсқасы (жас – бұл жерде кәсіпкердің өзінің жас екендігі меңзелген). Жас буынды бастапқы кезде кәсіпкерлікпен айналысуға итермелейміндердің 80%-ы ынталылық пен идея, ал қалғандарының бәрі әлі де белгісіз әрі күрделі боп көрінеді. Жаңадан бастаушылар мен қызығушылық танытушылардың өздеріне тән көптеген сұрақтар болады.

- қолдаудың жоқтығы. Қолдау мен көмек тек материалдық тұрғыда беріле бермейді. Бизнесті бастау кезіндегі жақсы қолдаудың болуы – табыстың жартысы, өткені көмекті қызықты серіктестерден де алуға болады, олар өз тәжірибелерімен бөліседі, өз орталарында тегін жарнаманы да жасайды, қажетті таныстар мен байланыстарды тауып береді. Бұл жерде айта кететін кішкентай бірақ өте маңызды жайт: жақын-туыстар мен достардың қолдауы, олар моральдық тұрғыда бизнес үрдісінің қатысушылары болып кетеді, ал кейде тіпті тек сөзбен ғана емес, іспен де көмектеседі. Қиындықтарды өздері-ақ жеңе алғатын, алайда ең болмағанда бір қолдаушысының болғанын өте қатты бағалайтын адамдар болады.

бизнес с нуля в казахстане, поддержка стартапов в казахстане, стартап тикетон, тренинги в астане
iStartUp.kz стартап-акселераторының қолдауымен 2012 жылы Қазақстандағы ең үздік стартаптардың бірі — Ticketon.kz билеттерді онлайн сату жүйесі іске қосылған болатын.

- орналасатын жердің жоқтығы. Бизнестің кез келген саласында орналасатын жердің (бөлме, ғимарат) болуы қажет. Дүкен, салон, жер телімі, қойма, көлік, суқоймасы және т.б., тіпті интернет-бизнесті жүргізу үшін де өз орынжайың – сайт қажет. Бұл жағдай өз ісін бастаушылардың көпшілігін тығырыққа тірейді, ал ол көбінесе басқа «нөлдермен» – таныстықтың, қаржының жоқтығымен байланысты болады.

- өнімнің жоқтығы. Жобаның басталуы кезінде көпшілік жағдайда жетіспей тұратын құраушыларының бірі. Бұл жерде нөлді проблема ретінде қарастырмауға да болады. Она тіпті плюске (артықшылыққа) айналдыра аламыз. Мысалы, тек кепілдер мен алдын-ала төлемдермен жұмыс жасап, ал түскен қаражатты өнімді сатып алуға жұмсауға болады. Әрине, бұл нұсқа бизнестің барлық салаларына жарай бермейді, алайда ол өте жақсы нәтиже әкеледі және кеңінен таралып келеді.

- идеяның жоқтығы. Ал бұл жағдай капиталы бар бизнесмендерге қатысты орын алады. Яғни табысты бастау жасауға қажеттінің бәрі бар, алайда оның қайда бағытталатыны тікелей идеяға байланысты болады, сондықтан мұндай нөлді оң бірлікке айналдыру үшін жақсылап ойланған абзал. Оның үстіне, барлық жағдайлар жасалған емес пе. Идеяның жоқтығы өніммен тығыз байланысты, ал өнімді таңдау клиенттердің сұранысына байланысты болып келеді.

 

Мақала ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Бұлар да бизнеске пайдалы:

Қойылған мақсатқа қалай жетуге болады?

Радислав Гандапас дает совет для достижения поставленных целей.

Тыңдау Білу Оқу Көру Білу Білу

Бизнес пен спорт қаншалықты бір-біріне ұқсайды?

Ойланып қараңызшы: спортта шек жоқ, чемпиондықтың ең жоғарғы дәрежесі немесе ақырғы разряд деген болмайды...

Тыңдау Білу Оқу Көру Білу Білу

100%-дық сату

Біз сатумен күн сайын айналысамыз: тауарлар, қызмет көрсетулер, білім, уақыт, тіпті өзімізді сатамыз.

Білу